Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (7)

Махаббат

Өр кеуде сенің мінезің,
Мыңдарға татыр бір өзің,
Жырымды саған арнайын,
Қыр қызғалдағындай гүл өзің.

Толық

Мен – қазақтың қызымын (Қазақ қызының монологы)

Мен – қазақтың қызымын, дара туған,
Текті аналар рухынан жаратылған.
Күннен сәуле аламын, құлпырғанда,
Айдан нұрға малынам, жаңа туған.

Толық

Туған жер

Туған жерім, тарихым, тұнық далам,
Барша жұрт қасиетіңді ұлықтаған.
Басқа жердің бөктері мен таулары
Дәл сенің самалыңдай жылытпаған.

Толық

Зәулім үй

Жүрегім-үй, көп емес белмелері,
Кіре қалсам анам күтер- төрде мені.
Сол белмеде қатарласып әкемде жүр,
Кішкентайдан сүйреген ерге мені.

Толық

Ойлан!

Тыңда мені, жігітсымақ желіккен,
Көлік мініп, ақша шашып еріккен.
Қанша қызды ойыншық қып мәз болдың,
Ару қыздың сен көз жасын көріп п(а) ең

Толық

Сүйемін (Туған жерге арнау)

Сүйемін оның көгілдір күмбез аспанын,
Сүйемін тауын, шағылысқан тастарын.
Сүйемін таудың баурайындағы бұлағын,
Бұлақтың сүйем жағасындағы құрағын.

Толық

Елбасына арнау

Қызыл тіл сөйле десе, сайрай түскен,
Шындықты жырлай берем тынбай іштен.
Жыр-дода дегенде мен дәуірлеймін,
Жорға тілді қалдырмай заңғар көштен.

Толық

Пікірлер